Лондонда араб өнерінің көрмесі өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лондонда араб өнерінің көрмесі өтіп жатыр

21.07.2023

Ұлыбритания астанасы Лондонда араб өнерінің көрмесі өтіп жатыр. Шараны Кристи аукционы қолға алған. Мәдени іс-шара «Араб әлемінің заманауи өнері» деп аталады. Оған 150-ден аса өнер туындысы қойылған. Олардың арасынан аймақта соңғы 80 жылда жасалған түрлі мүсін, сурет, инсталляцияларды тамашалауға болады. Туындылар Ливан, Мысыр, Сирия тәрізді бірқатар араб елдерінің суретшілеріне тиесілі. Көрме тамыздың 23-не дейін жалғасады. 


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу