Жамбылда көне қаланың орны табылды. Осыдан мың жыл бұрынғы мәдениеттің куәсі болған сарай Қарахан мемлекетіне тиесілі. Қаланың қалыптасқан кезеңі шамамен 10-12 ғасырларға жатады деді аргеологтар. 10 айға созылған қазба жұмыстары кезінде қыш ыдыстар мен мал сүйектері көптеп кездескен.
Керамика бұйымдарына өсімдік бояуын жағып жасағаны ғалымдарды таңқалдырып отыр. Сондай-ақ сау күйінде сақталған ауыз су құбырлары да анықталды. Құрылысы саздан жасалған сарай кірпіштерінің қалыңдығы 50 см-ге дейін барады. Бір таңқаларлығы тарихи кешен көлік қарасы үзілмейтін тас жолға таяу жерден табылған. Археологтардың айтуынша, Қаратаудың теріскейінен табылған ежелгі нысан сауда керуендеріне қызмет еткен.
Нұрғали Несіпбаев, Ә.Марғұлан атындағы археология институтының ғылыми қызметкері:
Қазандардың ішінде мынадай 3 бұрыш тұтқалы ыдыстар бар. Бұл осы 3 жылдан бері зерттеліп жатыр Талас өңіріндегі төрткүлдер. Тек Талас өңірінде ондаған ескерткіштен ғана кездеседі мұндай.
Ералы Ақымбек, археологтар тобының жетекшісі:
Оңтүстік жағынан Нұрлыкент ауылы маңынан тағы да осындай, осыған ұқсас төрткүлдерді анықтаған болатынбыз. Бұл жерден тікелей керуен жолдардың өткендігін білдіреді.
Данияр Әлімқұл