Сығанақтағы қазба жұмыстарын тоқтатпау керек - Сәйден Жолдасбаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сығанақтағы қазба жұмыстарын тоқтатпау керек - Сәйден Жолдасбаев

18.08.2017

Еліміздегі археологиялық ескерткіштердің ішінде Сығанақтың алатын орны ерекше. Сығанақ - ортағасырлардағы әйгілі қаланың орны. Тарихи мекенде бұғып жатқан мәдени мұралар әлі де баршылық. Көне қаланың құпиясын зерттеу тарихымызды байыта түседі. «Сол себепті, ондағы археологиялық қазба жұмыстарын тоқтатпай, маңызды ақпараттарды табу ел тарихы үшін баға жетпес құндылық болмақ», - дейді тарихшы Сәйден Жолдасбаев. Сәйден Жолдасбаевтың есімі Сығанақпен тығыз байланысты. Тарихшы-археолог көне шаһар табылған 2002 жылдан бері зерттеу жұмыстарының басы-қасында жүр. Бірнеше еңбектер де жарыққа шықты. Соңғысы «Сығанақ жәдігерлері» кітабы. «Ендігі мақсат - Сығанақ қаласын ашық аспан астындағы мұражайға айналдыру», - дейді ғалым. Бұған Елбасының  «Рухани жаңғыру» туралы бастамасы үлкен сеп болмақ.  

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу