Гүлмира сатыбалды бюджет қаржысын жымқыру күдігіне ілінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гүлмира сатыбалды бюджет қаржысын жымқыру күдігіне ілінді

20.04.2022

Гүлмира Сатыбалды Универсиада-2017 нысандарын жөндеуге жұмсалған қаржыны жымқырды деген күдікке ілінді. Құрылыс-монтаж жұмыстарына бөлінген бюджет ақшасын ірі көлемде ұрлау бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бұл іске Алматы қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының лауазымды тұлғалары мен «Ария-Жаңа Астана» серіктестігі жетекшілері де тартылып отыр. Мұнымен қоса аталған жағдайға ұқсас фактілер бойынша өзге өңірлерде де мемлекеттік органның лауазым иелері тексеріліп жатыр. Сондай-ақ Атырау мұнай өңдеу зауытына сотқа дейінгі тергеу басталды. «Монополистік қызмет» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Кәсіпорын өткен екі жылда үстемдік етіп, шикі мұнайды өңдеуге жоғары баға белгілеп келген. Өңірдегі сала департаменті мен прокуратураның бірлескен тексерісі соны анықтады.  

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу