Өңірлерді дамыту жобасы аясында бұрын аудан орталықтары болған елді-мекендерге көңіл бөліне бастады. Абай облысындағы Таскескен ауылын түлету үшін биыл қомақты қаржы қарастырылды. Қазір елді-мекенде бірнеше әлеуметтік нысан жөнделіп, жаңадан салынып жатқандары бар. Ажары кіре бастаған ауылға халық та көш түзеген.
Таскескен кезінде аудан орталығы болған. Ширек ғасыр бұрын таратылып, тоза бастаған еді. 3,5 мың тұрғыны бар ауылдың соңғы жылдар тіршілігі жандана бастады. Тек биылдың өзінде бюджеттен «Ауыл– ел бесігі» жобасы аясында 1,5 миллиард теңге бөлінген. Оған қоса жергілікті кәсіпкерлер де туған ауылын дамытудан шет қалып жатқан жоқ.
Айдын Қожаев, Қоңыршәулі ауылдық округінің әкімі:
Туған жерге тағзым» акциясы дейміз, 2023-2027 жылғы бағдарламасы Президенттің. Ауылымыздың кәсіпкері, биылғы жылы ауылға ойын алаңы, шаштараз, арка, ипподром бәйге алаңын салғалы жатыр. 270 миллион өзінің қаржысын жұмсап отыр.
Ауылда атқарылып жатқан әр жобаның нәтижелі болуын қоғамдық кеңес мүшелері қадағалап отырады. Мемлекеттен бөлінген қаржыны шашау шығармай, мақсатты жұмсалуын бақылайды. Қазір мұнда спорт кешені құрлысы басталған. 7 негізгі жолды жөндеу қолға алынып, толықтай жарықтандыру жүргізілді.
Жексенбі Шәкерұлы, Таскескен ауылының тұрғыны:
Ауылымызда қазір екі мектеп ремонт өтті. Әсіресе Ақтанберді мектебі. Ауылымзды үлкен колледж бар. Ол капремонттан өтті. Қазір жарқырап тұр. Енді міне мәдениет үйімізге жүріп жатыр. 180 миллионға . Ол да орнын тауып жатыр.
Сабырбек Сәбитов, Таскескен ауылының тұрғыны:
Ауылымыздан бұрын көшіп кеткен қалаға, кісіліреміз қайтадан жер алып, үй салып ауылға қайта келіп жатыр. Өйткені қазір бизнестің көбі, ауылшарушылығын дамытқанға.
Ағымдағы жылы облыста әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспары аясында бюджеттен 30 миллиард теңгеден астам қаржы қарастырылған. Оның қомақты бөлігі ауылдарды оңалтуға жұмсалмақ. Тек «Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында 9 милиард теңге бөлінді. Ол елді-мекен жолдары, ауыз су, әлеуметтік нысандар салу сынды уақыт күттірмейтін түйткілдерді шешуге бағытталмақ.
Ержан Жақып