Алдағы екі жылда 655 алғашқы медициналық көмек көрсету нысандары салынады. Олар ауыл халқына қызмет көрсетпек. Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру жайы талқыланған жиында айтылды. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың сөзінше. олардың қатарында дәріхана, фельдшерлік-акушерлік бекеттер мен амбулаторияларды қамтитын заманауи медициналық бекеттер бар. Ұлттық жоба аясында. 32 аурухананы жаңғырту және күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған. Заманауи медициналық жабдықтармен қамту жұмыстары да жүргізіледі. Дәрігер жетіспеушілігін жою мәселесі де. қарастырылған. Премьер-Министр Денсаулық сақтау министріне Ұлттық жобаны үйлестіру мен бақылауды күшейтуді тапсырды.