Отандық дәрігерлер шетелдіктерімен тәжірибе бөліседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отандық дәрігерлер шетелдіктерімен тәжірибе бөліседі

28.03.2022

Алматы облысының дәрігерлері алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету бойынша шетелдік әріптестерімен тәжірибе бөліседі. Ол үшін арнайы демонстрациялық платформа ашылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Қазақстан арасындағы ынтымақтың нәтижелерін паш ету мақсатында, жиын өтті. Екі жақты келісім 1978 жылы қабылданып, «Алматы декларциясы» деп аталған. Араға 40 жыл салып, тағы бір келісімге қол қойылды. Қазақстанға іс сапармен келген Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, Еуропалық бюросының басшысы Ханс Клюгенің айтуынша, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету бойынша қолға алынған шара, Қазақстанның өңірлеріндегі, сондай-ақ өзге де елдердегі медицналық қызмет көрсету сапасын жақсартуға сеп болмақ.

Хан Склюге, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының еуропалық өңірлік бюросының басшысы:

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету бойынша демонстрациялық платформаны көруге 20 елдің өкілі ниет білдірді. Бұл өте маңызды. Өйткені алғашқы медициналық көмек көрсету жүйесін дамыту - біздің басты мақсатымыз. Осы бағытта біз Қазақстанның Денсаулық сақтау минстрімен екі жылдық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойдық.

Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

Алғашқы медициналық көмекті қалай көрсету керек. Емханада болсын, дәрігерлері амбулаториялық деңгейде қалай көрсету керек, қандай біздің тәжірибеміз бар соны бүкіл дүниежүзімен бөлісетін боламыз. Бұндай демонстрациялық алаңдар тек қана біздің елімізде ғана емес, Испания елінде болатын болып шешілді. Сосын Швеция және Қазақстанда.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу