Жамбыл облысында жолаушылар пойызы әлі де кестеден кешігіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында жолаушылар пойызы әлі де кестеден кешігіп жатыр

18.07.2023

Жамбыл облысында жолаушылар пойызы әлі де кестеден кешігіп жатыр. Шудағы шойын жол апатынан кейін 3 бағытта қатынайтын пойыздар өз уақытысына түсе алмауда. Олардың қатарында «Астана-Шымкент», «Павлодар-Түркістан» және «Алматы-Атырау» бағыты бар. Кешігу уақыты 40 минуттан бір жарым сағатқа созылған. Мамандар мұның себебін қозғалысқа қойылған жылдамдық шектеуімен байланыстырады. Өйткені рельстер қайта қалпына келгендіктен, апатты аумақтан сағатына 25 шақырым жылдамдықпен жүру ережесі енгізілген. Еске салайық, бір күн бұрын «Аспара» станциясында «Тараз-Шу» бағытындағы жүк пойызы жолдан шығып кетті. Оқыс оқиғадан 2 электровоз бен тепловоз, 4 вагон аударылған болатын. Салдарынан, Шудың бойында 13 бағытта қатынайтын пойыздар қозғалыссыз қалған болатын. Жалпы өңір вокзалдарынан күнделікті жүк және жолаушылар пойызын қосқанда 80-нен астам бағыт қатынайды.

Дидар Мүсреталиев, Тараз вокзалының басшысы:

Жылдамдықты баяулатып өткізіп жатыр. Ол енді қалыпты жағдай, осындай апатты жағдайдан кейін болатын. Бұл жағдайдың бәрі толық қалпына 1-2 күнде келеді. Өйткені жөндеу жұмыстары, жөндеу жұмыстары біткеннен кейін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Данияр Әлімқұл

Хабарламаларға жазылу