Ресейде әскерден жалтарғандар жүргізуші куәлігінен айырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде әскерден жалтарғандар жүргізуші куәлігінен айырылады

17.07.2023

Ресейде әскерден жалтарғандар жүргізуші куәлігінен айырылады. 20 күн ішінде шақыру қағазы бойынша әскери комиссариатқа келмегендер бір тәулікке көлікті басқару құқынан шектеледі. Сондай-ақ әскерден бас тартқандар куәлік алу үшін емтиханға кіргізілмейді. Ал тәртіпке бағынбағандар 30 мың рубль, яғни 146 мың теңге айыппұл арқалайды немесе 15 тәулікке дейін қамауға алынады.

Владимир Евсеев, әскери сарапшы:

Әскерден жалтарғысы келетіндер қиын жағдайға тап болуы мүмкін. Себебі қылмыстық кодекске өзгерістер енгізілді. Жалтарушылар қылмыстық қудалауға ұшыраса, Ресейге қалай қайтып келетіні де сұрақ тудырады. Бүгінгі күні заң қатаңдатылды.


Индира Бегайдар 

Хабарламаларға жазылу