Павлодар облысының Железинка ауданында бірнеше ондаған ірі қара қырылып қалды.
Башмачное ауылындағы 40-қа жуық сиырдың неден өлгені әзірге белгісіз. Бейнекөріністі әлеуметтік желі арқылы тұрғындар таратты. Оқиға үш күн бұрын болғанымен аудан әкімшілігі мен ветеринарлық қызмет тарапынан әзірге ресми ақпарат жоқ. Мамандар өлген малдан сынама алынғанын айтады.
Болат Аманбаев