Ресей мен Беларусь спортшылары Париж Олимпиадасына шақырылмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей мен Беларусь спортшылары Париж Олимпиадасына шақырылмайды

14.07.2023

Ресей мен Беларусь спортшылары Париж Олимпиадасына шақырылмайды. Әзірге Халықаралық Олимпиада комитетінің ұстанымы осылай болып отыр. Мұндай шешімнің қабылдануына Украинадағы қақтығысқа қатысты Ресей мен Беларусь спортшыларына салынған санкция әсер еткен. Олар 26-ншы шілде күні 203 Ұлттық Олимпиадалық комитетке келесі жылы өтетін төртжылдықтың басты бәсекесіне шақырту жібереді. Оның ішінде Қазақстан да бар. Десе де, бұл Халықаралық Олимпиада комитетінің соңғы шешімі емес.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу