Президент Нидерланд премьер-министрінің міндетін атқарушы Марк Рюттемен телефон арқылы сөйлесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Нидерланд премьер-министрінің міндетін атқарушы Марк Рюттемен телефон арқылы сөйлесті

14.07.2023

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нидерланд премьер-министрінің міндетін атқарушы Марк Рюттемен телефон арқылы сөйлесті. Нидерланд бастамасымен болған әңгімелесу барысында тараптар екі ел арасындағы инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен перспективаларына баса мән бере отырып, екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелерін қарастырды. Нидерланд Қазақстан экономикасына тікелей инвестиция құю жөнінен бірінші орында тұр. Былтыр өзара сауда-саттық 26 пайызға артып, 6 миллиард долларға жақындады.  



Хабарламаларға жазылу