Қазақстандық жеңіл атлет Кристина Овчинникова биіктікке секіруден Азия чемпионы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық жеңіл атлет Кристина Овчинникова биіктікке секіруден Азия чемпионы атанды

13.07.2023

Қазақстандық жеңіл атлет Кристина Овчинникова биіктікке секіруден Азия чемпионы атанды. Таиландта өтіп жатқан біріншілікте ол 1,86 метрге секірді. Күміс медаль да Қазақстанға бұйырды, Елизавета Матвеева да дәл осындай көрсеткішке жеткенімен, көп қателесті. Қоланы өзбек қызы еншіледі. Сондай-ақ, 10 мың метрге жүгіруде желаяқ Шедрак Коеч ел қоржынына күміс жүлде салды. Ол аталған қашықтықты 29 минут 31 секундта жүріп өтті. Бұл Қазақстан құрамасына 2 жыл бұрын Кениядан ауысқан Шедрактың алғашқы медалі. Азия чемпионаты 16 шілдеге дейін жалғасады. 

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу