Энергетика жүйесінде кемшілік көп - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Энергетика жүйесінде кемшілік көп

13.07.2023

«ҚазМұнайГаз» компаниясының басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев пен Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетовке сөгіс жарияланады. Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында және Атырау мұнай өңдеу зауытында болған апаттарға байланысты осындай шешім қабылданды. Бұл туралы Президент қабылдауында болған Үкімет басшысы Әлихан Смайылов айтты. Батыс өңірінің энергетика жүйесіне жасалған ауқымды талдау нәтижесінде кәсіпорындардың жұмысында бірқатар кемшілік анықталған. Үкімет келешекте мұндай апатқа жол бермеу үшін МАЭК-те күрделі жөндеу жүргізу, батыс аймағын Қазақстанның бірыңғай энергетикалық жүйесіне қосу жұмыстарын жүзеге асырады. Сондай-ақ, Премьер-министр «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын жүзеге асыру, коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту шаралары жөнінде баяндады.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу