Google іздеу жүйесінде биылғы ең көп қаралған мәліметтер анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Google іздеу жүйесінде биылғы ең көп қаралған мәліметтер анықталды

08.12.2022

 Google іздеу жүйесін пайдаланушылар арасында ең көп ізделген мәліметтер анықталды.

Дүниежүзіндегі интернет қолданушыларға «Уордл» деген ойын қызықты болып, гуглдан ең көп қаралған сөз болып отыр. Ал жаңалықтардан көпшілік Украинаға қатысты жаңа ақпаратқа қызығушылық танытқан. Гугл іздеу жүйесінде тұлғалардан Джонни Деп, Уилл Смит сынды актерлар бірінші тұрса, төртінші орында Ресей президенті Владимир Путин тұр.


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу