Алматыда жұрт екі даңғылдың жабылғанына наразы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жұрт екі даңғылдың жабылғанына наразы

13.07.2023

Алматыда екі бірдей ірі көше Әл-Фараби және Абай даңғылы бір уақытта жөндеуге жабылған. Соның кесірінен қозғалыс қиындады. Наразы жұрт шағымын қала әкіміне жеткізуге тырысты. Жаяу жүруге мәжбүрміз дейді ашулы тұрғындар. Көшелерде бірнеше шақырымға созылған көлік кептелісі қалыптасқан. Жұрт аптап ыстықта сағаттап тұруға мәжбүр. Автобустардың да бағыты өзгерген. Шаһар халқы асфальт пен жиектастардың неге тым жиі ауыстырылатынын түсінбейді. Осы бей-берекетсіздікке жергілікті билікті кінәлаған. Олар қозғалысты тез арада қалыпқа келтіруін сұрайды.

Ерболат Досаев, Алматы қаласының әкімі:

Жиектастарды біз ауыстырып жатқан жоқпыз, тек жарамсыздарын өзгертіп, жарамдыларын стандарт бойынша қайта қойып жатырмыз. Әл-Фараби даңғылы 2010 жылдан бері жөндеу көрмеді, Абай даңғылының асфальті 2015 жылдан бері жаңармады. Егер осы жазда жөндеу жұмыстарын жүргізбесек, қыста халіміз мүшкіл болар еді. Шаруаны оқу жылы басталғанға дейін аяқтаймыз.


Нұрсұлтан Тілектес 

Хабарламаларға жазылу