Мексиканың батысында жарылыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мексиканың батысында жарылыс болды

13.07.2023

Мексиканың батысында жарылыс болып 6 адам қаза тапты. Бомба Бас прокурордың кеңсесіне жақын маңда іске қосылған. Көз жұмғандардың арасында 4 қауіпсіздік қызметкері бар. Бір қылмыстық топтың мүшелері бомбаны іске қосты деген күдікке алынып отыр. Жергілікті үкімет мұны «лаңкестік әрекет» деп мәлімдеді. Оқиға кек алу мақсатында ұйымдастырылған болуы мүмкін. Себебі соңғы кездері Мексика үкіметі қылмыстық топтарға қарсы күресті күшейткен.  


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу