Петропавлда 1200 орынға арналған жатақхананың құрылысы кешеуілдеп тұр.
Өңірге жұмыс сапарымен барған депутаттар салынып жатқан нысандарды аралап, өзекті мәселелермен танысты. Жоспарға сай студенттер үйі 2023 жылдың желтоқсан айында тапсырылуы тиіс. Алайда тендер ойнатылғаннан кейін мердігерлердің арасында туындаған даулы мәселелер сотта қаралған. Салдарынан құрылыс жұмыстары мерзімінен кеш басталды. Сонымен қатар инженерлік желілерді тартуда кедергілер пайда болған. Депутаттар осы және басқа да мәселелерді бақылауға алатынын жеткізді.
Әсем Рахметова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Жол мәселесіне қатысты, ауызсу мәселесіне қатысты, мәселелерді көбірек көтеріп жатыр. Бұрындары көтерілетін жарықтандыру, интернет мәселелері кішкене азырақ сияқты.
Эльмира Кәленова