Шымкентте TikTok әлеуметтік желісі арқылы заңсыз ойын бизнесiн ұйымдастырған азамат ұсталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.
1995 жылы туған азамат «Тринка Шамай» ойынын ұйымдастырған. Тексеру барысында ұялы телефондар, карта таратуға арналған аппараттар, ойын карталары, ойыншылардың есімдері көрсетілген тізім айғақты заттар ретінде тәркіленді. Банк қосымшасына талдау жасау арқылы анықталғандай соңғы 1 айдағы жалпы ақша айналымы 15 млн теңге болған.
Дарын Сағитов