«TikTok» желісінде құмар ойын ойнатқандар сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«TikTok» желісінде құмар ойын ойнатқандар сотталды

30.05.2023

«TikTok» желісінде құмар ойындар таратылуда. Қаржылық мониторинг агенттігі 100-ден аса аккаунтты анықтаған. Бұл карта ойыны, сүйек лақтыру және онлайн рулетка. Мұндай ойындар ұйымдастыру заңмен қудаланады. Өйткені барлық жерде принцип бірдей. Бәс тігуге шақырады. Қатысу ақысы мен ұтыстарды беру банктік онлайн аударымдар арқылы жүзеге асырылады. «TikTok» желісінде құмар ойын ұйымдастырған Алматы қаласының 2 тұрғыны 4 айда 13 млн теңгеге жуық табыс тапқан. Тергеу қорытындысы бойынша олар 1,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Тағы 4 ұйымдастырушыға қатысты іс тергелуде.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агентігінің ресми өкілі:

Желілік талдау нәтижесінде біз онлайн ойынды тарататын 100-ден астам аккаунт анықтадық. Құрметті азаматтар, қырағы болып, осындай құмар ойындарға араласпауларыңызды сұраймыз. Бұл заңға қайшы. Сондай-ақ ата-аналардан балаңыздың мінез-құлқына, оның көретін контентіне және оның онлайн саудасына назар аударуын сұраймыз.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу