Астанада спортты дамыту дирекциясының лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу басталды. Олар 2020-2023 жылдар аралығында республикалық, шетелдік оқу-жаттығулар мен жарыстарға бөлінген іс-сапар шығындарын асыра көрсету арқылы бюджет қаражатын жымқырып келген. Заңсыз қаражатты мекеме басшылығы алып отырған. Мемлекетке келтірілген шығын 70 млн теңге. Оқу-жаттығу жиындарын қаржыландыру бойынша оң шешім қабылдағаны үшін жаттықтырушыдан 4 млн теңге пара алғаны да анықталды.
Асима Нұрбайқызы