Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы төленетін сыйақы бекітілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы төленетін сыйақы бекітілді

10.07.2023

Мәдениет және спорт министрлігі әлемдік байрақты бәскелерде топ жарған атлеттер мен бапкерлеріне өмір бойы төленетін ай сайынғы сыйақы көлемін бекітті. Материалдық көмек мөлшері мынадай: Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпионы мен жүлдегерлері, сондай-ақ олимпиадалық спорт түрлерінен әлем чемпионы атағын жеңіп алған спортшылар 345 000 мың теңге алады. Сәйкесінше, спортшылардың жаттықтырушыларына да дәл сондай сомма көлемінде ақы төленіп отырады. Бұйрық 16 шілдеде күшіне енеді. 

Хабарламаларға жазылу