Мексика шығанағының оңтүстігінде мұнай платформасы өртеніп, 2 адам қаза тапты. Тағы бірнешеуі жоғалып кеткен. 320-дан астам жұмысшы эвакуацияланды.
Теңізде отқа оранған нысан Мексиканың «Пемекс» мемлекеттік мұнай компаниясына тиесілі.
Әлемдегі ең өнімді кәсіпорындардың бірі саналатын «Пемекс» тәулігіне 170 мың баррель энергетикалық шикізат шығарады. Өрттің неден тұтанғаны белгісіз. Қазір тергеу және іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Компания өкілдерінің мәлімдеуінше, апаттан өндіріс айтарлықтай зардап шеккен.
Арыстан Рысбек