Каспий жағалауындағы қамыс өртін өшіру қиынға соғып жатыр. Қызыл жалын ошағы Атырау іргесіндегі Алғабас ауылының маңында орналасқан. Үш күннің ішінде 450 гектардан астам аумақтағы өскін күлге айналды. 50 гектар жер ашық от құрсауында қалды. Тілсіз жаумен күреске 70-ке жуық маман, 20 шақты техника жұмылдырылды. Бірақ бұл да отты ауыздықтауға аздық етіп тұр. Қызылордадан әуеден су шашу үшін тікұшақ алдыртылды. Өрттің шығу себебі белгісіз. Төтенше жағдай мамандары аэровизуалды тексеруден кейін қабылданған шаралардың арқасында жану аумағы 40 га азайды деп хабарлады.
Жандос Темірғали