Алматы облысында 5 шілде күні жауған нөсер соңы тасқынға айналды.
Нақтырақ айтсақ Көлсай көліне жақын орналасқан Саты ауылының бір бөлігін қызыл су шайған. Оған Төменгі шонжы каналының арнасынан тасуы себеп болды. Облыстық әкімдік берген мәліметке сүйенсек, қазір өңірде жағдай тұрақталды.
Мәди Тұрлықожа, Кеген ауданы ТЖБ аға инженері:
6 шілде болған су ағыны орталық Ұлтара көшесімен өтіп, 25 ауланы су басқан. Су сору жұмыстары жүргізілмеген. Су жерге сіңіп кеткен. Осы оқыс оқиғадан жарақат алғандар, зардап шеккендер жоқ.
Нұрсұлтан Тілектес