Италияның портты қаласы Катанияда тоқтаусыз жауған нөсер соңы тасқынға ұласты. Қолда бар деректер бойынша, көшелер өзенге айналып, көлікпен жүру мүмкін емес. Қазір ғаламторда әлеуметтік желілер арқылы апаттық жағдай жайлы түрлі видеолар тарап жатыр.
Метеорология қызметі жауын күшейіп, жақын күндері күн райы нашарлай түсуі мүмкін деп дабыл қақты. Жергілікті ақпарат көздерінің хабарлауынша, қазір мектептер мен мемлекеттік кеңселер уақытша жұмысын тоқтатып, жабық тұр. Билік өкілдері болса, қауіп төнген аудандардағы тұрғындарға сақ болу керектігін ескертті.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.