Қостанай облысының бірнеше ауылындағы әлеуметтік мәселелер депутаттар назарында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысының бірнеше ауылындағы әлеуметтік мәселелер депутаттар назарында

05.07.2023

Әлі күнге дейін ауызсуды белгілі бір уақытпен ғана тұтынып келе жатқан Қостанай облысының бірнеше ауылында мәселе рет-ретімен шешіліп келеді. Мәселен, бүгінде «Красносельское» ауылындағы әр үйге су құбыры толық тартылып бітті. Енді комиссия осы айдан қалдырмай су құбырлары нысандарын түгел тексеріп шықпақшы.

Облыстаға ахуалмен жіті таныс Мәжіліс депутаты Альберт Рау, Асен Критовка Майское ауылындағы су құбырлары да жаңартылып, көп ұзамай тұрғындардың сапалы сумен қамтамасыз етілетіндігін алға тартты. Сондай-ақ, ол «Қостанай – Қарабұтақ» бағытындағы республикалық маңызы бар жолдың жөндеу жұмысымен танысты.

Естеріңізде болса, дәл осы тас жолды жөндеуге келгенде былтыр бірқатар қиындықтар туындап, құрылыс материалдарының құны шарықтап кетіп еді.

Альберт Рау, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары:

Қазіргі таңда ауылдың әлеуетін арттыру үшін «Ауыл ел бесігі» жобасы аясында қаржыландыру екі есеге артты. Қазақстанда 6 мыңнан астам ауылдық жердің әлеуметтік жағдайын жақсарту көзделіп отыр. Ең алдымен, республикалық бюджеттен қаржыландырылған нысандардың жұмысын бақылаймыз. Алдағы күз айында қаржыландырылатын жобаларды толықтай зерттеудеміз. Аудандарымыз осы процестен қалып қоймаса екен деген ойымыз бар.


Әйгерім Ердәулет

Хабарламаларға жазылу