Келесі жылы бизнеске жүргізілетін жоспарлы тексерулер екі есе азайтылмақ. Ұлттық экономика министрінің айтуынша, бұған кәсіпкерлерге қойылған негізсіз талаптартың жойылуы түрткі болмақ. Әлібек Қуантыровтың айтуынша бизнеске қойылған 128 мыңнан астам талап сүзгіден өтіп, оның 10 мыңы қажетсіз деп танылған. Соның 90 пайызы қазір жойылды. Қалғаны жыл соңына дейін алынып тасталмақ. Бұл бизнеске кең тыныстауға мүмкіндік беріп, саланың дамуына оң әсер етеді деді министр.
Досжан Маратұлы