Елімізде жеңілдетілген автонесие беріле береді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде жеңілдетілген автонесие беріле береді

04.07.2023

Елімізде жеңілдетілген автонесие беріле береді. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарлауынша, 4 пайыздық несие мемлекет тарапынан тоқтатылғанымен, дәл осындай бағдарламаны Қазақстан Даму банкі де жүргізіп отыр. Ол жалғаса береді делінген хабарламады. Онда да жылдық мөлшерлеме 4 процент, қайтару мерзімі 7 жыл. Ал алғашқы жарна 10 пайыздан басталады. Даму банкі жеңілдетілген автонесиені екінші деңгейлі төрт банк арқылы револьверлік негізде беріп жатыр. Ал бағдарламаның айналымындағы қаржы көлемі 82 миллиард теңге. 

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу