Астанада өткен бокстан екінші «Елорда кубогы» халықаралық турнирі аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада өткен бокстан екінші «Елорда кубогы» халықаралық турнирі аяқталды

03.07.2023

Астанада өткен бокстан екінші «Елорда кубогы» халықаралық турнирі аяқталды. 1 аптаға созылған байрақты бәсекеде ел намысын қорғаған ерлер мен әйелдер құрамасы 8 алтын медальдан еншілеп, жалпы командалық есепте бірінші орынға тұрақтады. Сондай-ақ, ерлер арасында "Үздік боксшы" атағы Махмұд Сабырханға бұйырды. Былғары қолғап шебері жақында ғана 57 келіге ауысқанына қарамастан қарсылас шыдатпай, жаңа салмақта чемпион атанды. Тіпті, осы салмақтың көшбасшысы, әлемнің вице-чемпионы Серік Теміржановты да жеңіп кетті. Енді жүлде қорына тоқталсақ. Жарыста чемпион атанғандар 700 доллардан, күміс жүлдегерлер – 400 доллар, ал қола жүлдегерлер 200 доллардан алды. Турнирде 10 елден келген 200-ден астам боксшы бақ сынасқан болатын. 

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу