Елімізде ұн бағасы соңғы бір жылда 16 пайызға дейін қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде ұн бағасы соңғы бір жылда 16 пайызға дейін қымбаттады

03.07.2023

Елімізде ұн бағасы соңғы бір жылда 16 пайызға дейін қымбаттады. Energyprom.kz зерттеуіне сүйенсек, астық өнімінің бағасы әсіресе, Павлодор облысында өскен. Мұнда ұнның құны бір жылда 41,8 пайызға көтерілген. Одан кейін Батыс Қазақстан облысында 39,1 пайызға, Қызылорда облысында 34,5 пайызға қымбаттаған. Баға Шымкент қаласында аса өспеген. Мұнда астық өнімі 2 пайызға ғана көтерілген. Ал Алматы облысында ұн керісінше арзандаған. Бірақ тек 0,9 пайызға. Бүгінде жоғары сұрыпты бидай ұнының құны әр өңірде әр түрлі. Бір келісі 297 теңгеден 442 теңгеге дейін құбылып тұр. Ал былтыр осы уақытта ең жоғарғы баға 236 теңге болған еді. 

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу