Қарағанды облысында депутат көлігімен балаларды соғып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында депутат көлігімен балаларды соғып кетті

03.07.2023

Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы бойынша «Amanat» партиясы филиалының төрағасы Анар Бозаева жол талғамайтын көлігімен екі жасөспірімді қағып кетті. Ботақара – Доскей бағытындағы автожолда сиырларға соғылғаннан кейін, көлік тізгініне ие бола алмай, мотоциклмен келе жатқан 8 және 16 жастағы екі жасөспірімді қаққан. Екі бала да түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер қазір жағдайлары қалыпты деп отыр.

Бекзат Алтынбеков, облыстық «Amanat» партиясы филиалының төрағасы:

Қазіргі уақытта тексеріс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ішкі істер органдары бізге қандай шешім береді, сол шешіммен жұмыс жасаймыз. Ең бастысы – адам шығыны жоқ. Болған жағдайға біздің қызметкеріміздің тікелей қатысы болатын болса, онда партиямыздың уставына сәйкес, ішкі жағдайына байланысты тәртіптік жазалар тағайындалады. 


Хабарламаларға жазылу