АҚШ-тың Балтимор қаласында белгісіз біреулер мерекелік кеште оқ атып, 2 адамды мерт қылды. Тағы 28 америкалық жараланған. Олардың үшеуі хал үстінде. Қантөгісті жасағандар кім екені әлі белгісіз. Ол оқиға орнынан ізін суытқан. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Куәгерлердің сөзінше, 20-30 мәрте оқ атылған.