Елордада «Ironman Astana» халықаралық жарысы аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада «Ironman Astana» халықаралық жарысы аяқталды

03.07.2023

Елордада «Ironman Astana» халықаралық жарысы аяқталды. Бейбарыс Сұлтанның 800 жылдығына арналған іс-шараға Үндістан, Германия, Польша, Ұлыбритания, Италия, АҚШ, Швейцария секілді 60-тан астам елдің өкілдері қатысты. 1200 спортшының 400-і шетелден келді. Ең жасы 18-де болса, ең үлкені - 76-да. Турнирге қатысушылар жүзу, жүгіру және велосипед тебуден сынға түсті.

Жарыс қорытындысы бойынша ерлер арасында бірінші орынды Өзбекстан өкілі Андрей Шарипов жеңіп алды. Екінші орынды қазақстандық Арсений Елисеев місе тұтса, Қытай спортшысы Ялон Кай үшінші орынға жайғасты.

Әйелдер арасында Польша спортшысы Анна Андралович топ жарды. Отандастарымыз Салтанат Қазыбаева мен Аида Естерекова екінші және үшінші орындарға ие болды. Толық дистанцияда ресейлік Максим Князев, Кирилл Ткаченко, қазақстандық Владимир Кожевниковтар үздік атанды. Қыздар арасында Маргарита Питерцева, Юлия Бочкова және Айна Усеновалар топ жарды.

Әнуар Дәнібек, жарысқа қатысушы:

Камерамның желі шығып кетті. Камерасыз 10 км жүрген болатынмын. Соңында шинам шығып кетті. Кішкене бір сағаттай күтіп, барлығын қарап, зерттеп, үрлеп қайтадан стартқа кеттім. 1 сағат 20 минуттай жоғалтқан болатынмын. Бірақ соған қарамастан бүгінгі таңда мәреге жеттім.



Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу