Ақын-жазушылар Президенттің мемлекеттік наградалар жүйесін өзгерту керек деген ұсынысына қолдау білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақын-жазушылар Президенттің мемлекеттік наградалар жүйесін өзгерту керек деген ұсынысына қолдау білдірді

30.06.2023
Ақын-жазушылар Президенттің мемлекеттік наградалар жүйесін өзгерту керек деген ұсынысына қолдау білдірді

Сіз бен біз армандаған қоғам мәдениет өркендегенде ғана шыңға шығады. Осылай деген зиялы қауым өкілдері, Ұлттық құрылтайдағы «әділетті қоғам құру үшін адал азаматтарды қалыптастыру керек»,- деген ұран сонда ғана орындалатынын айтты. Ұлт жанашырлары ұлттық идеологияны кітап пен кинодан бастаған дұрыс дейді.

Смағұл Елубай, жазушы, кинодраматург:

Ал адал азаматтарды қалай қалыптастырамыз егер сенің кітап дүкендеріңде ұлттық өнім 10 немесе 20 пайыз болатын болса, 80 пайызы шет елдік өнім болатын болса. Ал енді кинотеатрларда жүріп жатқан киноның 100 пайыздай шет ел киносы болатын болса, соны көріп отырған 100 пайыз біздің отандастарымыз жастар болатын болса. Мінекей сондықтанда әділетті Қазақстан адал азаматтарды қалыптастырудың жалғыз жолы мәдениетке көңіл бөлу, яғни әдебиет пен киноға көңіл бөлу.

Сондай-ақ белгілі ғалымдар мен ақын-жазушылар Құрылтайда Президенттің мемлекеттік наградалар жүйесін өзгерту керек,-деген ұсынысына қолдау білдірді. Орден атауларын тарихи тұлғалардың есімімен беру кез-келген салаға серпін әкелері сөзсіз дейді.

Асқар Жұмаділдаев, академик, физика-математика ғылымдарының докторы:

Математика логиканың негізін қалаған. Мысалы Асан Дабысұлы Тайманов деген кісі болған. Бұл кісі қазақстанның ғылым академиясының академигі. Бұл кісінің атында мектеп те, көше де, ештеңе де жоқ. Ғылымға ұмтылған жастар бұл адамдардың атын жақсы біледі. Егер «Тайманов» атындағы сыйлықты алды десе, ол қуана-қуана қарсы алады ондайды.

Қасымхан Бегманов, ақын, «Алаш» сыйлығының лауреаты:

Мәселен, қазір Абай атындағы мемлекеттік сыйлық бар. Сол секілді Ахмет Байтұрсынов атындағы, Әлихан Бөкейханов атындағы, Мұстафа Шоқай атындағы деген секілді сала салаға бөліп, осы мемлекеттік түрлі мемлекеттіктен бастап түрлі қоғамдық ұйымдарда сыйлықтарды тапсыру керек деп ойлаймын.


Хабарламаларға жазылу