Ақберген Елгезек «Азия әдебиет академиясын» құруды ұсынудағы мақсаты туралы айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақберген Елгезек «Азия әдебиет академиясын» құруды ұсынудағы мақсаты туралы айтты

25.05.2018

Жуырда ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жанынан Жас ақын-жазушылар кеңесі құрылған  болатын. Күні кеше әдебиетті дамытуды көздейтін кеңестің алғашқы отырысы өтті. Жиын шымылдығын ашқан Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы биыл қаламақыға 250 млн. теңге бөлінгенін атап өтті. Яғни, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда екі есе көп. Ал, қаламақыға үміткер жазушыларды арнайы кеңес іріктеп алады. Бастысы, енді жастарға көбірек көңіл бөлінбек.

 

«Елбасының қойған мақсаты – біздің таланттарды дүниежүзіне таныту. Сонымен қатар, біздің жас таланттардың еңбектерін шетелдің алты тіліне аудару, жас жазушылардың пьесаларын театрларда қою мәселесі айтылды», - деді министр..

 

Кеңесте ақын-жазушылар министрге қордаланып қалған мәселелерді айтып, ұсыныс-тілектерін білдірді.

«Жеке басым «Азия әдебиет академиясын» құруды ұсындым. Себебі, біздің ақын-жазушылар 30-дан кейін тоқырай бастайды. Олардың шығармашылық әлеуеті бәсеңдейді. Сол үшін барлығы іздену керек. Бұл жерде тек әдебиеттану емес, әлемдік білім қазынасына сусындасақ деген ұсыныс», - дейді ақын Ақберген Елгезек.

 

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу