Елімізге сүт өнімдерінің 25 пайызы шет мемлекеттерден әкелінеді.
Импортқа тәуелділікті жою үшін шикізатты өңдеу саласын жетілдіру қажет. Петропавлда өтіп жатқан халықаралық форумда осы мәселелер талқыланды. Бүгінгі күні елімізде 200-ден астам сүт фермасы жұмыс істеп тұр. Олардың 80 пайызы заманауи қондырғылармен жабдықталған. Жылына 6 млн тонна ақ өндіріледі. Тәжірибе алмасу мақсатында форумға Франция, Германия, АҚШ, Италия сынды бірнеше мемлекеттен мамандар келді. Отандық компаниялар шетелдіктермен бірқатар келісімге қол қояды деп жоспарланған.
Берік Нигмашев, ҚР Сүт өндірушілер палатасы директорының орынбасары:
Сүтті бағытта жұмыс істеймін деген шаруаларға қазіргі күні нарық ашық. 1 млн тоннаға дейін қосыша сүт өндіріп, оны сатуға толық мүмкіндік бар.