Павлодарда жаяу жүргіншіні трамвай қағып, мерт қылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда жаяу жүргіншіні трамвай қағып, мерт қылды

30.06.2023

Павлодарда жаяу жүргіншіні трамвай қағып, мерт қылды. Оқиға түнде болған. Қазір тергеу жүріп жатыр. Алдын-ала мәліметке қарағанда қайтыс болған – 57 жастағы ер адам. Трамвай жүргізушісі полицияға жолға жақын тұста адам болған жоқ деп ақталған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Жанар Біләлова, полиция департаментінің баспасөз хатшысы:

Жаяу жүргінші оқиға орнында қайтыс болған. Трамвай жүргізушісі апат орнынан кетіп қалыпты. Көрмедім, білмедім деп отыр. Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды


Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу