«Qazsport» телеарнасына -10 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Qazsport» телеарнасына -10 жыл

29.06.2023

«Qazsport» телеарнасына - 10 жыл. Республикалық телерадио корпорация айтулы датаны Open Air форматында атап өтті. Спорт арнасы «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының құрамынан 2013 жылдың 1 шілдесінен бастап ашылған. Содан бері көрермен назарына 15 мыңнан астам трансляция ұсынды. Әлемнің әр түкпірінде және елімізде өткен спорт додаларын тікелей эфирде көрсетті, оларға сараптама жасап, деректі фильмдер де әзірледі. Телеарнаны 10 жылдық мерейтойымен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов, Парламент депутаттары, федерация өкілдері мен спортшылар және спорт журналистері құттықтады. Жиылғандар спорт арнасы ақпарат таратумен ғана емес бұқараны спортқа баулу және салауатты өмір салтын насихаттаудың негізгі құралы екенін атап өтті.

Несіп Жүнісбаев, ардагер журналист:

Егер Қазақстанда спорттың дәрежесі биік болсын десек, шеберлігі мықты болсын десек, спортшыларымыз көп болсын десек, олимпиадалардан басқа да ойындардан жүлде аламыз десек, сол спортшыларды насихаттап жататын ертелі кешке дейін осындай арнамыз болуы керек. Бұл екеуі бірімен бірі тығыз байланысты.


Хабарламаларға жазылу