Қарағандыда күй фестивалі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда күй фестивалі басталды

25.11.2015
Қарағандыда күй  фестивалі  басталды
Қарағандыда күй  фестивалі  басталды

Қарағандыда шертпе күйдің негізін қалаушы ұлы күйші Тәттімбет Қазанғапұлының 200 жылдық мерейтойына арналған 6 - Республикалық конкурс-шертпе күй фестивалі салтанатты түрде ашылды. 3 күнге созылатын Күй мерекесіне қатысуға республиканың түкпір-түкпірінен өнерпаздар жиналды. Бұл туралы Қазақ радиосының Қарағанды облысындағы тілшісі Сейітқали Әшім хабарлады

Халық күй өнерінің классигі Тәтімбет Қазанғапұлы Арқаның шертпе күй мектебін қалыптастырды. Оның 60-қа тарта күйі ел арасында жақсы насихатталып, үздіксіз орындалып жүр. 3 күнге созылатын күй фестивалі – шертеп күйдің 6 шы конкурстың Қарағандыда бастау алуы да осының айғағы.

«Күй сайысына Республиканың түкпір-түкпірінен арнайы шақырылған қонақтармен қоса, өнер майталмандары, Тәттімбет ұрпақтары және жарыстан үміткер 12 орындаушы қатысуда»,- дейді шараны ұйыдастырушылардың бірі ақын Қуаныш Мақсұтов.

Тәттімбет-Арғын асқан ардагерім,
Шығарған қырық күйін өрім-өрім.
Арқада одан асқан күйші бар ма,
Сусынын қандыратын туған елдің- деп Біржан сал жырға қосқан Тәттімбет Қазанғапұлының-200 жылдық мерейтойы Қарағандыдағы «Арқа сазы» ансамблі және Тәттімбет Академиялық ұлт аспаптар оркестрінің концертімен одан әрі жалғасты. Күй сайысы 27 –ші қарашада мәресіне жетеді.


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу