Қарағандыда «Roboland 2018» фестивалі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда «Roboland 2018» фестивалі басталды

02.04.2018

Осымен 4-ші мәрте өткізіліп жатқан дүбірлі додаға Қазақстан, көршілес Ресей, Қырғызстан және басқа да шет мемлекеттердің командалары келді.

Алғашқы фестивальға 40 команда қатысса, биыл олардың саны 20 есеге көп. Робототехниканы, IT технологияны жетік меңгерген 800 команда жарыстың 32 аталымы бойынша бақтарын сынайды. Жас өнертапқыштар сайысы екі күнге созылады. Ұсынылған жобалар бірінен-бірі асады. Оқушылардың дайындаған роботтары билейді, құрылыс жұмысын атқарады, тіпті, шай құйып бере алады. Шараның мақсаты - жаһандану талабына сай жастардың білімін шыңдау, ынталандыру.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары:

- Осы IT технология, жалпы цифрландыру деген бүгінгі күннің күн тәртібінде тұрған мәселе екені белгілі. Елбасы оны бізге басып айтты. Жалпы, біздің барлық білім саласында осы цифрландыру мәселесі қолға алынып жатыр.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу