Ұлыбританияда қымбатшылық белең алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбританияда қымбатшылық белең алды

29.06.2023

Ұлыбританияда қымбатшылықты ауыздықтау мүмкін болмай тұр. Биліктегілер бағаны тұрақтандыруға уәде еткенімен инфляция шарықтап 8,7 пайызға дейін өсті. Нәтижесінде Англия банкі кезекті рет пайыздық мөлшерлемені көтеруге мәжбүр болды. Лондоннан тілшіміз Марина Бекенова байланысқа шығуға дайын.

Англия банкі қымбатшылықты ауыздықтау үшін пайыздық мөлшерлемені 13-ші рет қатарынан 5 пайызға көтерді. Бұл 2008 жылдан бергі рекордтық көрсеткіш. Ұлыбританияның бас қаржы институты мұнымен тоқтамақ емес. Сарапшылардың пікірінше, желтоқсанда мөлшерлеме 6 пайызға өседі деген болжам бар.

Эндрю Бейли, Англия банкінің басқарушысы:

Жалақының көтерілуіне жол бермеуіміз керек. Өйткені баға өсуін тоқтатпайды. Инфляцияны мақсатты деңгейге түсіру үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Халықты шыдамдылыққа шақырамыз.
Қалай болғанда да Ұлыбритания дамыған мемлекеттер арасында инфляция деңгейі өте жоғары ел болып тұр. Бұлай жалғаса беретін болса, Тұманды Альбион терең рецессияға түсуі мүмкін. Әсіресе, аз қамтылған отбасылар мен ипотекалары қымбаттаған пәтер иелеріне оңай емес. Келер жылы өтетін Жалпы сайлау билік партиясы үшін үлкен сынақ болғалы тұр. Егер оған дейін консерваторлар инфляцияға қарсы әрекет ете алмаса, билікпен қош айтысулары әбден мүмкін.


Хабарламаларға жазылу