Дағыстанда қызылша белең алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дағыстанда қызылша белең алды

10.04.2023

Жапонияда балалар азайып, мектептер жабылып жатса, Ресейдің оңтүстігіндегі Дағыстан республикасында балалар мен ересектерге мектеп, балабақшаға баруға тыйым салынып жатыр. Себебі, елде қызылша жұқтыру дерегі тіркелген. Махачкалада инфекция 230-дан аса адамнан анықталыпты. Мұндағы жұқпалы аурулар орталығы қызылша белгілері бар науқастарды күн сайын қабылдап жатыр. Осы ретте, қызылшаға қарсы екпе салдырмаған балалар білім беру мекмелеріне жіберілмейді. Дағыстанның денсаулық сақтау өкілдерінің айтуынша, вакцина салдыруға қарсы тұрғындардың саны көбейгеннен кейін жағдай ушығып отыр. 

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу