Іле-Балқаш резерватындағы қамыс әлі өртеніп жатыр. Бұл жөнінде Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.
Қалыңдығы 1,5 метрдей болатын қамыс қалдығы өрт сөндіру жұмыстарын қиындатып жатыр. Жалын ошағына ауыр техника жете алмағандықтан құтқарушылар қол құралдарымен сөндіруге мәжбүр. Тікұшақтармен әуеден су төгу жұмыстары да тоқтаған жоқ. Барлығы 80 адам мен 22 техника жұмылдырылған. Жалынның нақты қанша аумақты шарпығаны әзірге белгісіз.