Алматыда азық-түлік бағасы қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда азық-түлік бағасы қымбаттады

28.06.2023

Құрбан айт мерекесіне орай базарлар мен дүкендердегі азық-түлік бағасы қымбаттады. Әсіресе, кептірілген жеміс-жидектер мен еттің бағасы шарықтап кеткен. Қарапайым тұрғындар бұл қалтаны қағады деп отыр, ал саудагерлер мен бағаны бақылауы тиіс құзырлы мекеме өкілдері не дейді? 

Нұрсұлтан Тілектес, тілші:

Мұсылман қауымының ұлық мейрамы Құрбан айт та келді. Жұрт кешелі бері базар, дүкен аралап, қонақ күтудің қамына кіріскен. Мерекелік көңіл-күй сезілгенімен, халықтың көңілі толмайтын жайттар да бар. Мысалы, Құрбан айт кезінде дастарханға қойылатын кептірілген жеміс-жидектер қымбаттаған. Саудагерлер керісінше бағаны төмендетіп жатырмыз деп ақталады. Салыстырмалы түрде алсақ. Дәл қазіргі уақытта жоғары сұранысқа ие болған құрғатылған өріктің келісі 3500-4000 болса, бір келі сиыр еті 2800 теңгеден саудаланып жатыр. Ал көкөністер арзандай бастапты.

Разия Үбиева, саудагер:

Екі апта бұрын осы тауарлар қымбат болған. Енді маусым басталды. Сондықтан бағалары түсті.

Нұрсұлтан Тілектес, тілші:

Бағаны тұрақтандыруға тиіс құзырлы мемекемелер тек әлеуметтік маңызы бар тауарлардың ғана құнын қадағалайды екен. Бұл тізімге кептірілген жеміс-жидек, ет сынды өнімдер кірмейді. Ал Құрбан айтта сойылатын малдың бағасына келер болса, қала және облыс аумағында тоқты, қой, қошқардың бағасы 40-80 мың теңгенің аралығында. Бұл былтырғымен салыстырғанда 5-10 мыңға қымбат.

Саудагерлер қой, қошқар бағасының қымбаттауын жанармай мен жем-шөп құнының өсуімен байланыстырып отыр.


Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу