Рахат Мамырбек атындағы байқаудың қорытындысы жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рахат Мамырбек атындағы байқаудың қорытындысы жарияланды

27.06.2023

Өмірден ерте озған талантты журналист, саясаттанушы Рахат Мамырбек атындағы байқаудың қорытындысы жарияланды. Додаға түскен тілшілер 1 мамырдан бері ел ішіндегі саяси жүйенің дамуы, азаматтық қоғам, партиялар бәсекесі және өзге де саяси-қоғамдық тақырыпты қаузап, 35 материал жолдаған. Саяси журналистика саласындағы үздіктерді анықтауға арналған байқауға өңірлерден де өтініштер түскен. Тіпті, орыс тіліндегі жұмыстар да болыпты. Кәсіби тұрғыдан мазмұндық деңгейі жоғары мақала мен бейнематериалдың авторларына жүлдені Ғабиден Құлахмет атындағы қор тағайындады.

Ғазиз Құлахмет, қор төрағасы:

Рахат марқұм мысалы интелектуалдық мазмұнды дүниелерге көп мән беретін. Сондықтан да сол дүниелерді ашып іріктеу, журналистикаға келетін адамдарды тарту мүмкіндігін тартынбай жұмыс істейтіндей сол жағынан көп қарадық. Бұйырса жылдан жылға өткізу жоспарда бар.

Небәрі 39 жасында қайтыс болған Рахат Мамырбек журналистикадағы қызметін 2001 жылы «Қазақстан» ұлттық телеарнасынан бастаған. Ол қазақ аудиториясына кең танылған «Күлтөбе» хабарының авторы әрі жүргізушісі, «Мезгіл» бағдарламасының сарапшысы болған еді. Одан бөлек, бірнеше республикалық арналарда қызмет атқарды.



Хабарламаларға жазылу