«Мен әскерде болғанда» республикалық байқауының қорытындысы шығарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Мен әскерде болғанда» республикалық байқауының қорытындысы шығарылды

09.11.2015
 «Мен әскерде болғанда» республикалық байқауының қорытындысы шығарылды

Қазақстанның Қарулы Күштерінде «Мен әскерде болғанда» армиялық қызмет туралы үздік музыкалық композиция республикалық байқауының қорытындысы шығарылды.

Шығармашылық байқау әскери қызметтің маңызды екеніне қоғамның назарын бұру үшін жарияланды.  Өздерінің жұмыстарын байқау комиссиясына Қазақстанның түкпір-түкпірінен 25-тен аса автор жолдаған болатын.

Байқаудың жеңімпазы – Маржан Арапбаева мен Әбдірахман Асылбектің бірігіп жазған «Армиямыз айбынды!» әнін орындаған Қорғаныс министрлігі Орталық әскери ансамбльінің жас музыканты Жансұлтан Жұмағалиев. Енді бұл әнге арналып бейнебаян түсірілетін болады.

Хабарламаларға жазылу