Бүгін Мәжіліс сессиясы қорытындыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Мәжіліс сессиясы қорытындыланды

27.06.2023

Бүгін Мәжіліс сессиясы қорытындыланды. Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов бұл сессия қысқа болғанымен, өте маңызды әрі мазмұнды өтті деді. Осы жолғы сайланымның бір ерекшелігі – депутаттар көптеген маңызды заң жобасына бастамашы болды. Тұтастай алғанда бұл сессияда 31 заң қабылданған. Олардың үштен бірі депутаттардың бастамасы деді. Осы сессияда әр отырыста орта есеппен 30-ға дейін депутаттық сауал жарияланып отырды.

Сондай-ақ бүгін Мәжілісте органикалық өнім өндіру және оның айналымы туралы заңға өзгертулер енгізу ұсынылды.

Айдарбек Қожаназаров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Генетикалық өзгертілген обьектілерді, пестицидтерді, гормандарды және түрлі химикалық заттарды қолданылатын өндірісті болдыртпауға және оны қолданбауға тыйым салып жатырмыз.


Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу