Алматыда заңсыз жұмыс істеп келген жазғы дәмханаларды сүру жұмыстары басталды.
Бүгіннен бастап Төле би мен Момышұлы көшесіндегі сауда павильоны бар кафелер сот шешімімен бұзылуда. Мәселен, мына дәмхана иесі жаяу жүргіншілерге арналған тротуарды басып алып, өз бетінше құрылыс жүргізген. Бұрын учаске жалға алу құқығымен меншік иесіне тиесілі болған. Бірақ бұл кәсіпкерге бей-берекет дәмхана салуға рұқсат бермейді. Соттың шешімімен келіспеген ол, аппеляциялық сотқа шағым түсірді. Алайда бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалды.
Әйгерім Ердәулет