Маңғыстауда 100 мың теңгенің принтерін 10 млн теңгеге сатып алмақ болған балабақша анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда 100 мың теңгенің принтерін 10 млн теңгеге сатып алмақ болған балабақша анықталды

27.06.2023

Маңғыстауда 100 мың теңгенің принтерін 10 млн теңгеге сатып алмақ болған балабақша анықталды.

Келеңсіз оқиға Түпқараған ауданында тіркелді. Форт-Шевченка қаласындағы мемлекеттік балабақшалардың бірі 3 дана принтерді бақандай 32 млн теңгеге сатып алуды жоспарлаған. Яғни, әр қайсысына 10 млн теңгеден астам қаржы жұмсау көзделген. Бірақ, аталған тауардың нарықтағы бағасы 100 мың теңге тұрады. Осы жәйтті құзырлы орган байқап, мемлекеттік сатып алу қайта өткізілген. Нәтижесінде 31 млн теңге бюджет қаржысы үнемделді.



Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу